Жаңалықтар
21 февраля 2025
«Qazaq Historical Review» ғылыми журналының жетінші саны жарияланды
Редактордан
Қадірлі оқырмандар!
Сіздерге Qazaq Historical Review журналының кезекті басылымын ұсынғанымызға қуаныштымыз. Бұл нөмірдің мақалалары Қазақстан мен Орталық Азиядағы өзге де мемлекеттердің Қытай Халық Республикасымен өзара байланысы, бүгінгі Орталық Азия мен Қытай қатынастары және оның тарихы Қытай зерттеушілерінің еңбектерінде қалай көрініс тауып жатқанына арналады. Qazaq Historical Review ғылыми журналының редакция алқасы ғылыми ізденістері мен зерттеу қорытындыларын жариялау үшін автор ретінде Қазақстан мен Қытай тарихшылары мен саясаттанушыларын шақырды. Қытай тарих ғылымының алты өкілі мен отандық төрт қытайтанушы ғалым бұл тақырыпты әр қырынан ашып көрсетті. Жарияланған материалдар қазақ-қытай ғылыми байланыстарын нығайта түсуге септігін тигізеді деп үміттенеміз.
Доктор Юэ Ши (Пекин университеті) мен доктор Қайрат Батырбаевтың (Еуразия ұлттық университеті) бірлескен зерттеуінде Қырғызстанда жұмыс істеп жатқан Қытай компаниялары «Бір белдеу – бір жол» бастамасы шегінде екі халық арасындағы байланысты нығайтуға қалай ықпал еткені сөз болады. Авторлар жергілікті халықтың ауыз-екі ой түйіндері мен жекелеген табысты мысалдарын сәтімен пайдалана білген. Доктор Цзинчэн Ли (Шэньчжэнь университеті) мақаласында цифрлы экономика мен цифрлы қоғам саласы бойынша Қазақстан–Қытай ынтымақтастығының маңызды мәселелері сөз болған. Цифрлы экономика мен нақты сектордың интеграциясына байланысты Қытай тәжірибесі көрсетілген. Доктор Гулицзыи Байшань (Шанхай шет тілдері университеті) Қытай мен Қазақстан білім жүйесін салыстыра талдап, Қазақстанның Болон процесімен интеграциясын және Қытай мен Қазақстанның білім саласындағы ынтымақтастығын қарастырған. Доктор Ван Хайянь (Шығыс Қытай педагогика университеті) зерттеуінде өткен отыз жыл ішіндегі Қытайдың Орталық Азия елдерімен өзара қарым-қатынасының қарқынын кең көлемдегі материалдар мен статистикалар арқылы көрсеткен. Доктор Ихао Цю (Фудань университеті) мақаласында Юань империясыдағы Жошы ұлысының иеліктері және ондағы қосарлы әкімшілік құрылымдар, сондай-ақ Берке хан мен оның қазасынан кейінгі кезеңдегі Алтын Орда мен Юань империясының қатынасы туралы қытай мәліметтері талданады. Доктор Ван Яо (Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясы) Батыс Шыңжаң туралы ақпараттар сақталған XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың бас кезіндегі еуропалық тарихи карталарды қарастырады. Осы аймақтың тарихи географиясын зерттеуге жаңа мүмкіндіктер туғызатын, сирек кездесетін 25 картаны жинақтап, жүйелеп шыққан. Профессор Светлана Кажирова (Шығыстану институты) қазақ-қытай саудасының бастапқы кезеңіндегі кейбір ерекшеліктер мен ондағы Ресей шенеуніктерінің рөлін баяндаған. Қазақ пен қытай халықтарының дәстүрлі мәдениетіндегі гендерлік аспектілерге салыстырмалы және семантикалық талдауды доктор Динара Сайкеневаның (Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) мақаласынан оқуға болады. Профессор Константин Сыроежкиннің мақаласында Орталық Азиядағы Қытай саясаты сөз болған. Автор Қытай саясатының кейбір жаңа тұстары мен оның Орталық Азиядағы ерекшеліктеріне назар аударған.
Журнал нөмірін әзірлеуге қосқан үлестері үшін редакциясы алқасының атынан авторларға, рецензенттер мен аудармашыларға алғыс айтамын. Нөмірдің арнаулы редакторы әрі авторларының бірі, профессор Светлана Басиевна Кажироваға шетелдік авторларды тартуға ұдайы жәрдемдескені үшін айрықша ілтипат білдіремін. Мақалаларды қытай тілінен аударып, авторлармен хат-хабар алмасқан доктор Динара Қайратқызы Сайкеневаға алғысым шексіз. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Заринэ Әлиқызы Жандосова (Санкт-Петербург мемлекеттік университеті) материалдарды ағылшын тілінен аударып, редакциялауға зор көмек көрсеткенін ерекше атап өткім келеді.
Нөмірдің арнаулы редакторлары:
Светлана Басиевна Кажирова, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері;
Динара Кайратқызы Сайкенева, Қытай тарихы бойынша PhD, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің қауымдастырылған профессоры
Qazaq Historical Review ғылыми журналының бас редакторы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Қанат Өскенбай