Жаңалықтар
28 июня 2024
«Qazaq Historical Review» ғылыми журналының алтыншы басылымы жарияланды
Редактордан
Құрметті оқырмандар!
Сіздерге Qazaq Historical Review ғылыми журналының кезекті шығарылымын ұсынғанымызға қуаныштымыз. Бұл нөмірдің мақалалары қазақ халқының бүгінге дейінгі тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрінің алуан қыры, шығу тегі мен құрамы, қазақ руларының қоныстануы мен мәдени-тұрмыстық ерекшеліктері, материалдық және рухани мұрасы жөніндегі зерттеулерге арналады. Мұның бәрі қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа серпінмен дамып келе жатқан мәдени-әлеуметтік антропологияның бір саласына айналған дәстүрлі этнография ғылымының нысанасы. Этнографиялық білім тарихи-археологиялық ізденістермен қатар Қазақстанның бүгінгі өзіндік ерекшеліктері мен тұрпатын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Осы факторларды ескере отырып, Qazaq Historical Review ғылыми журналының редакция алқасы зерттеу қорытындыларын жариялау үшін Қазақстанның қазіргі этнографтары мен Ресей этнографын автор ретінде шақырды. Журналда жарияланған материалдар тарих ғылымының бұл саласы бойынша Қазақстан ғалымдарының ғылыми ізденістеріне ықпал етеді деп үміттенеміз.
Доктор Рахым Бекназаров (Ақтөбе өңірлік университеті) мақаласында Қазақстанның Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында тұратын, Кіші жүз әлімұлы құрамындағы әлім-қырғыз руын мысал ретінде келтіріп, қандай да бір ру-тайпаларға өзге этникалық топтардың қосылу және сіңісу тарихы мен процестерін қарастырған. Әлия Болатхан (Тарих және этнология институты) қазақ халқының тамақтану мәдениеті туралы этнографиялық білімнің қалыптасуын талдай келе қазақтың дәстүрлі ет тамағын орыс тіліндегі этнографиялық материалдарда «бешбармақ» деп жаңсақ аталып жүргенін дәлелдейді. Автор бұл атаудың кеңінен таралуына етті қазақ ұлттық ас мәзірінің символы ретінде насихаттаған советтік пропаганданың да ықпалы болды деп есептейді. Доктор Назгүл Байғабатова (Жетісу университеті) Ресей империясы Жетісу облысының құрамында болған, Лепсі, Қапал, Верный уездерінде өмір сүрген қазақ руларының дәстүрлі қоныстары мен әрі қарайғы трансформациясын анықтап, жалпы қазақтың рулық-тайпалық дәстүрлі қоныстары мен оның мәдени-әлеуметтік динамикасының терең өзгерістерге ұшырағанын көрсетеді. Орынбай Ошанов (Археология институты) мақаласында ерте түркілер мен қазақтардың ас беру рәсіміне салыстырмалы талдау жасап, археологиялық қазба орындарынан табылған ас беру рәсімдеріне арналған орындарға байланысты қорытындыларды мысалға келтіреді. Ресей этнографы Лариса Попова (Ресей этнографиялық музейі) өте ауқымды иллюстративті материалында қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі қалыңдыққа арналған ат әбзелдерін зерттейді. Сонымен қатар әр өңірдегі қалыңдық ер-тоқымын безендіру ерекшеліктерін сипаттап, оның кейбір элементтері мен материалдарының ырымын түсіндірген. Доктор Жанерке Шайгөзова (Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) мақаласында қазақ дәстүрлі мәдениетіндегі ойыншықтардың бірі – қуыршақтың мән-мағынасын аша отырып, оны әйел мәдениетінің ажырамас бөлігі екенін көрсетеді. Түркі халықтары мен Сібір халықтары мәдениетіндегі қазақ қуыршақтарының прототиптерін салыстыра отырып, қазақ дәстүрлі қуыршақтарының мәдени типтері, соның ішінде балалар қуыршағы мен дәстүрлі-ритуалды қуыршақтарды, Қазақстандағы қазіргі авторлық көркемдік қуыршақтар феноменін өз алдына бөлек қарастырған.
Журналдың осы нөмірін әзрлеуге қосқан үлестері үшін авторларға, рецентзенттерге, редакторлар мен аудармашыларға редакция алқасының атынан алғыс айтамын. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Заринэ Әлиқызы Жандосова (Санкт-Петербург мемлекетттік университеті) мәтіндерді ағылшын тіліне аударып, редакциялауға үлкен көмек көрсетті.
Qazaq Historical Review журналының бас редакторы, тарих ғылымдарының кандидаты
Қанат Өскенбай
Vol. 2 No. 2 (2024)
DOI: https://doi.org/10.69567/3007-0236.2024.2
Published: 2024-06-25