Жаңалықтар
«Qazaq Historical Review» ғылыми журналын аса ірі Crossref халықаралық базасы тіркеді
АБДИ гуманитарлық зерттеу институтының «Qazaq Historical Review» ғылыми журналын аса ірі Crossref халықаралық басылымдар ассоциациясы тіркеп, индекстеді.
Crossref – цифрлы нысандарды индентификаторын (digital object identifier, қысқаша – DOI) DOI халықаралық қоры (the International DOI Foundation) тіркейтін аса ірі агенттік.
Бұған дейін журналды ISSN (ISSN: 3005-4206; e-ISSN: 3007-0236) халықаралық базасы тіркеген.
Журналдың барлық нөмірі мен журнал сайтына https://qhr.kz/ жарияланған әрбір мақаласы Crossref базасына тіркеліп, DOI нөмір берілген.
«Qazaq Historical Review» (QHR) ғылыми журналы АБДИ гуманитарлық зерттеу институтының ресми баспа органы саналады. Журнал қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде «АБДИ гуманитарлық зерттеу институты» ЖШС қаржысымен шығады.
Журналдың бірінші нөмірі журналдың сайтына https://qhr.kz/ жарияланды.
2023 жылы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат комитеті журналдың мерзімді басылым ретінде есепке қойылғаны туралы №KZ16VPY00064440 куәлігін берді.