Жаңалықтар
30 июня 2025
«Qazaq Historical Review» академиялық журналының тоғызыншы саны жарияланды
Қадірлі оқырмандар!
Сіздерге АБДИ гуманитарлық зерттеу институты жанынан шығатын Qazaq Historical Review академиялық журналының кезекті нөмірін қуана ұсынып отырмыз. Бұл нөмірдегі мақалалар советтік кезеңдегі Қазақстан тарихын әрі қарай жалғастырады. Материалдардың хронологиялық ауқымы мен көтерген жүгі және авторлар географиясы айтарлықтай кеңейе түсті. Qazaq Historical Review академиялық журналының редакция алқасы ғылыми ізденістерінің қорытындыларын осы журналда жариялау үшін шетелдің белді тарихшыларын шақырып, автор ретінде тартты. Қазіргі заманғы француз және итальян тарих мектебі Қазақстан тарихының советтік кезеңдегі трагедиялы беттерін зерттеуге елеулі үлес қоса алады. Нөмірде жарияланған материалдар отандық мамандардың кейінгі зерттеулеріне жәрдемін тигізеді деп үміттенеміз.
Қазіргі зерттеулердегі Советтік Қазақстан айдарында үш мақала жарияланды. Ауқымды архив құжаттары мен бүгінгі қазақ шежірелері негізінде доктор Гзавье Аллез (Францияның Орталық Азияны зерттеу институты, Әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі) бұрын арнайы ғылыми тұрғыда қарастырылмаған жайтқа тоқтап, қорытынды жасаған. Мәселен, 1917–1920 жылдардағы аласапыран төңкеріс пен Азамат соғысы кезінде қазақ интеллигенциясының әрекеті мен саяси көзқарастары осы тұрғыдан көрсетілген. Доктор Изабель Оайон (Францияның Орталық Азияны зерттеу институты, Әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі) архив материалдарына және ауыл тұрғындары мен шаруалардан алған көптеген сұқбаттарына сүйене отырып, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі онжылдықта Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығының біржола жойылу процесі мен 1960–1980 жылдардағы отырықшы мал шаруашылығының дамуы мен оның советтік Қазақстан экономикасына әсерін зерттеген. Қазақстанның ғылыми деректі фильм тарихындағы ақтаңдақтар мәселесі доктор Марк Элидің (Францияның Орталық Азияны зерттеу институты, Әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі) мақаласынан көрінеді. Зерттеуші советтік Алматы төңірегіндегі үлкен сел апаттарын зерттеп, 1970–1980 жылдарда ол туралы советтік Қазақстан кинематографиясы түсірген алғашқы фильмдердің мәліметтерін салыстырып көрген.
1931–1933 жылдар. Қазақстандағы ашаршылық айдарына доктор Никколо Пьянчоланың (Падуя университеті) маңызды зерттеуі берілді. Автор Арал теңізінің айналасындағы қазақтар мен қарақалпақтарға байланысты Совет өкіметінің саясаты мен экономикасына салыстырмалы тарихи талдау жасаған. Нақты бір кезеңде осы өңір бастан кешкен экономика және көлік инфрақұрылымының даму ерекшеліктері 1931–1933 жылдары Солтүстік Арал аймағындағы қазақтардың жаппай ашаршылыққа ұрынуына себеп болған жайттарды тереңірек түсінуге елеулі үлес қосады.
Журналдың Әлем және қазақ тарихнамасындағы екінші дүниежүзілік соғыс деп аталатын үшінші айдарына доктор Маша Церовичтің (Францияның Орталық Азияны зерттеу институты, Әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі) мақаласы жарияланды. Автор 1941–1945 жылдардағы Совет Одағы мен Германия пропагандасын зерттеген. 1941 жылы 22 маусымда Совет Одағына Германия басып кірген сәттен бастап советтік ресми құжаттарда бұл соғыс – «Ұлы Отан соғысы» деп көрсетілді. Совет жауынгерлері мен азаматтарының бойында бұл уақытта расында «зор патриоттық сезім» болды ма, жоқ па? Мұны осы мақаладан оқуға болады.
Қазақстан тарихының советтік кезеңі отандық тарихнамада саяси себептерге байланысты шектен тыс идеалдандырылды. Ал бүгінгі қазақ тарихшылары совет кезеңіне объективті баға бере ала ма? Қазіргі неміс тарихшысы доктор Роберт Киндлердің ой-пікіріне қарағанда, большевиктердің радикалды саясаты қазақты социализм жолына түсірмеді, керісінше, апатқа ұрындырып, Қазақстанды «өлім жеріне» айналдырды. Өз кезегінде Qazaq Historical Review академиялық журналының редакциясы әлемнің барша тарихшыларының қазақ тарихына арналған зерттеулеріне ғылыми алаң болуға әрі қарай да дайын.
Нөмір Абди гуманитарлық зерттеу институтында деген айдармен аяқталды. Мұнда француз ғалымдарымен кездесу жөнінде сөз болды. Журналдың осы нөмірі сол кездесудің жемісі.
Журнал редакциясының алқасы атынан авторларымызға, рецентзенттерге, редакторлар мен аудармашыларға осы нөмірді әзірлеуге қосқан үлесі үшін алғыс айтамын. Мәтінді ағылшын тіліне аударып, редакциялауға тарих ғылымының кандидаты, доцент Заринэ Әлиқызы Жандосова (Санкт-Петербург мемлекеттік университеті) үлкен көмек көрсетті.
Нөмірдің арнаулы редакторы болған, авторлармен және редакциямен тұрақты хат-хабар алмасқан доктор Изабель Оайонның еңбегі айрықша зор.
Qazaq Historical Review ғылыми журналының бас редакторы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қанат Өскенбай