Жаңалықтар
30 октября 2025
Автормен кездесу: Әлия Болатхан
Цюрих универститетінің докторанты Әлия Болатхан ғылыми зерттеу жұмыстарына арналған іссапары кезінде Жетісу облысына барып, дала зерттеулерімен айналысты. Жұмысын аяқтаған соң «Qazaq Historical Review» академиялық журналының бас редакторы, АБДИ гуманитарлық зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қанат Өскенбаймен кездесуге ықыласпен келісті.
Әлия Болатхан «Qazaq Historical Review» академиялық журналына ғылыми мақалаларын тұрақты жариялап жүрген зерттеуші әрі журналдың амбассадоры. Журналдың 2023 жылғы үшінші нөміріне жарияланған «Қазақ CСР аймағындағы күштеп қоныстандыру жүйесіндегі қалмақтар контингенті арасындағы таңдаулы фаворитизм және расталған «советтенгендік» белгісі» (DOI: https://doi.org/10.69567/3007-0236.2023.3.308.330), 2024 жылғы екінші нөміріне жарық көрген «Қазақ КСР-дегі этнографиялық білім өндіру үрдісі және мәдени репрезентация» (DOI: https://doi.org/10.69567/3007-0236.2024.2.104.133) дейтін мақалалары отандық және шетелдік зерттеушілер тарапынан оң бағаланды. Ауқымды деректер мен тарихнама материалдарына сүйене отырып жазған бұл мақалалар тек жаңашылдығымен ғана емес, сонымен қатар отандық тарихнамада сирек кездесетін зерттеу тәсілі мен әдіснамалыық база негіздемесі бойынша көзге түседі.
Кездесу кезінде Әлия Болатхан мен Қанат Өскенбай әріптестікті әрі қарай да жалғастыра түсу мәселелерін талқылап, жаңа зерттеу жарияланымдары мен тақырыптары туралы уағдаласты. «Qazaq Historical Review» академиялық журналының кезекті нөміріне автордың бұрын Совет Одағының құрамында болған түркі халықтарының дәстүрлі ас-ауқат мәдениетіне, совет тарихнамасындағы «білім өндірісінің» ерекшеліктеріне арналған мақалалары әзірленіп жатыр.
Цюрих университетінің докторанты Әлия Болатхан жергілікті ас-ауқат мәдениетінің бір көрінісі ретінде Талдықорған гастрономиясын зерделеп келеді, оның академиялық қызығушылықтары ресторан, кафе, асхана және үйдегі ас мәзірлеріне бағытталған.
Цюрихтегі мемлекеттік университет (Universität Zürich, UZH) Швейцариядағы көне және аса ірі классикалық зерттеу университеті болып саналады. Университет түлектерінің арасында Нобель сыйлығының 12 лауреаты, Альберт Эйнштейн сықылды тағы да басқа танымал зерттеушілер мен көрнекті мемлекет қайраткерлері бар.