Жаңалықтар
АБДИ гуманитарлық зерттеу институтының директоры тарихи география тақырыбында өткен халықаралық конференция жұмысына қатысты
2024 жылғы 3-4 маусымда Алматыдағы Достық үйінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Орталық Азияның тарихи географиясы» халықаралық конференциясы өтті.
Конференцияға Қазақстан зерттеушілерімен қатар әлемнің көптеген елдерінен (АҚШ, Германия, Жапония, Израиль, Катар, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Румыния, Тәжікстан, Түркия, Ұлыбритания, Чехия) белгілі ғалымдар қатысты.
«Қазақ даласының тарихи географиясы» сессиясында АБДИ гуманитарлық зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қанат Өскенбай «Ортағасырлық Қазақ даласындағы Жошы жорықтарының тарихи географиясы» атты баяндама жасады.
Конференцияны Еуразия ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Орталық Азияның тарихи географиясы» бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру гранты аясында өткізді.