Жаңалықтар
15 октября 2024
АБДИ гуманитарлық зерттеу институтына француз ғалымдары келді
АБДИ гуманитарлық зерттеу институтына доктор Изабель Оайон (Isabelle Ohayon) бастаған Ресей, Кавказ, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны (Centre d’études des mondes russe, caucasien et centre-européen, CERCEC) зерттеу жөніндегі француз орталығының ғалымдары келді. Бұл орталық 2001 жылы Ғылыми зерттеулер ұлттық орталығы (Centre national de la recherche scientifique, CNRS) мен Әлеуметтік зерттеулер жөніндегі жоғары мектептің (L’École des hautes études en sciences, EHESS) бірлескен орталығы ретінде құрылған.
Орталықтың негізгі бағыты – Шығыс Еуропа, Ресей, Кавказ және Орталық Азияға қатысты империялық және советтік көзқарастар мен ұстанымдарды зерттеу. АБДИ гуманитарлық зерттеу институты ұжымымен кездесу барысында доктор Оайон өзі жетекшілік еткен орталық ұжымы мен ғылыми-зерттеулерінің қорытындыларын таныстырды. Көп жылдан бері Қазақстан мен Орталық Азияны зерттеп жүрген доктор Изабель Оайон Қазақстанның бірнеше қаласында болып, архивінде отырған, Қазақстан зерттеушілерімен тығыз байланыс орнатқан ғалым. Қазақстанда оның «Сталин кезіндегі қазақтарды отырықшыландыру саясаты. Ұжысдастыру мен әлеуметтік өзгерістер (1928–1945 жылдар)» («Седентаризация казахов СССР при Сталине. Коллективизация и социальные изменения (1928–1945 годы). Алматы: Санат, 2009, 368 с.) кітабы жақсы таныс. Бұл кітап «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жарық көрген.
Белгілі тарихшы Катрин Гуссефф (Catherine Gousseff) де өз зерттеулері жөнінде әңгімеледі. Тарихшы екінші дүниежүзілік соғыстан бұрынғы және кейінгі кезеңде Еуропадағы, әсіресе Франциядағы көші-қон мен босқындар тарихын, соғыс тұтқындары мен халықтар депортациясын негізгі зерттеу нысанына айналдырған. Оның «Франциядағы орыс эмиграциясы: әлеуметтік тарих (1920–1939 жылдар)» деп аталатын кітабы француз тілінен орысшаға аударылып, 2014 жылы Ресейдің «Новое литературное обозрение» баспасынан шыққан. Орталықтың тағы бір тарихшысы доктор Марк Эли (Marc Elie) Совет Одағы мен Қазақстандағы табиғи және техногендік апаттар туралы зерттеуін айтты. Ол Қазақстандағы экология мәселелері, далалық аймақтардағы құрғақшылық пен Қазақ ССР-і кезінде салынған селге қарсы бөгеттерге назар аударған. ГУЛАГ тарихын да зерттеп, өзге әріптестерімен бірге «ГУЛАГ әлемі және арнаулы қоныстар: Орталық және Шығыс Еуропа куәгерлерінің әңгімесі» («Мир ГУЛАГа и спецпоселений: рассказывают свидетели из Центральной и Восточной Европы». Москва: Политическая энциклопедия, 2016, 192 с.) деп аталатын құжаттар жинағын жариялаған. «Саяси клубтар мен Ресейдегі қайта құру: диссидентсіз оппозиция» («Политические клубы и перестройка в России: Оппозиция без диссидентства». Москва: Новое литературное обозрение, 2014, 472 с.) деп аталатын кітаптың авторы, белгілі тарихшы әрі социолог, доктор Кароль Сигман (Carole Sigman), постсоветтік кеңістіктегі авторитарлық режимдердің трансформациясы мен саяси социологияны зерттеумен шұғылданады.
Қонақтар «Cahiers d’histoire russe, est-européenne, caucasienne et centrasiatique» атты ғылыми журналын таныстырды. Журнал редакторы Валери Меликян (Valérie Mélikian) мен Маша Церович (Masha Cerovic) өз жұмыстарының ерекшеліктері мен журналды әзірлеу кезінде қандай қиындықтарға кезігетінін сөз етті. Юлия Шукан (Ioulia Shukan), Гийом Минеа-Пик (Guillaume Minéa-Pic), Ксения Кузина (Ksenia Kuzina), Лина Цримова (Lina Tsrimova), Томас да Силва (Thomas da Silva) да өз зерттеулері жөнінде әңгімеледі.
Кездесуге Қазақстан тарабынан АБДИ гуманитарлық зерттеу институтының қызметкерлері мен «Qazaq Historical Review» ғылыми журналының редакторлары және өзге де белгілі тарихшылар қатысты.
Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері , саяси ғылымдарының докторы, профессор Светлана Басиевна Кажирова, «Лев Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Тарих ғылымдары. Философия. Дінтану сериясының» тарих мәселелері бойынша жауапты редакторы – бас редактордың орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Альбина Советовна Жанбосынова, тарих ғылымының кандидаты, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі «Қазақстанның ежелгі және ортағасырдағы тарихы» кафедрасының меңгерушісі Нұрлан Әділбекұлы Атығаев, педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ассоциалы профессоры Әлия Әнуарбекқызы Момбек өз зерттеулері жөнінде сөйледі. АБДИ гуманитарлық зерттеу институтының директоры, «Qazaq Historical Review» ғылыми журналының бас редакторы Қанат Өскенбай қонақтарды институтын жұмысымен, баспасымен және журналымен таныстырды.
Екі жақ әрі қарай да ғылыми ынтымақтастықты жалғастырып, бірлескен жобалар жасауға уағдаласты.